Қазақстанда ҚазСат-2 спутнигін ұшыру күтілуде

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Спутникті (ҚазСат-2) ұшырудың барысын жақсылап көрсету үшін ақпарат әзірлеп жатырмын, деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өзінің Twitter-дегі микроблогында.

Қазақстанда ҚазСат-2 спутнигін ұшыру күтілуде

Спутниктің салмағы 1330 килограмм. Спутникті ұшыру Астана уақытымен 05:16-ға жоспарланған.

«ҚазСат-2 спутнигінің мақсаты - мәліметтер беру және телехабар тарату.

ҚазСат-1 алғашқы спутнигі 2006 жылғы 18 маусымда ұшырылды.

#kzs2 спутнигінің басқару жүйесін - француздың EADS-Astrum компаниясы әзірлеген.

Спутник Байқоңыр ғарыш айлағынан Бриз-М блогының сүйемелдеуімен Протон-М зымырантасығышымен жүзеге асырылады.

pm.kz/kzs2 бетінде ұшыру барысы жөнінде онлайн-бейнетранслация жолға қойылады.

ҚазСат-2 спутнигін пайдаланумен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ айналысатын болады.

ҚазСат-2-ні мақсатты орбитаға ОС-2 спутнигі (АҚШ) шығарады, деп нақтылады Премьер.

ҚазСат-2 спутнигінің белсенді жұмыс істеу мерзімі - 12,5 жыл.

Спутниктің жабатын аумағы: Қазақстан, Орталық Азия елдері, Ресейдің орталық бөлігі.

Спутник байланысының заманауи нарығының құрылымы: 1) ғарыш аппараттары өндірісі; 2) ұшыру құрылғылары мен орбитаға шығару құралдары өндірісі; 3) спутник байланысы операторлары; 4) жабдықтар жасау және өндірістік бірлестік, жабдықтар жеткізу, құрылыс-монтаж компаниялары; 5) сервистік провайдерлер.

Спутник қазақстандық телекоммуникациялық компанияларға қызмет құнын арзандатуға көмектеседі. Бүгінде минут бойынша ағынды сату жолымен спутник ресурстарын жүзеге асыру «Толық циклі» бизнес-моделі жұмыс істейді. Бұл модельдің бизнес қисыны - ресурстарды барынша жоғары құнмен сату. Менің пікірімше, «Ритейлер» өміршең, ол түпкі пайдаланушыларға кеңжолақты қолжетімді спутниктерді жүзеге асыру дегенді білдіреді, деп жазады К.Мәсімов.