Қазақстанда көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл аясында қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзбесi кеңейтіледі
Құжат ел президентінің тапсырмасын орындауға бағытталған және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың ұсынымдары бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруді көздейді. Бұнда Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың ұсынымдары да қаралып отыр.
Құжат аясында көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзбесiн кеңейту қарастырылады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан қаржылық қызметтер көрсететiн барлық тұлғаларды қаржы мониторингi жүйесiмен қамту қажет. Осыған байланысты, тiзiмге қаржы мониторингiнiң 3 субъектiсi қосылады: бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, микроқаржылық ұйымдар, банк болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерiнiң операторлары.
Бұдан бөлек, заң жобасында қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру мен терроризмдi қаржыландырудың алдын алу жөнiндегi тәсiлдердi жетiлдiру қарастырылған.