Қазақстанда көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңа операторы бекітілді.

Техосмотр
Фото: freepik.com

Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖолды» бірыңғай техникалық байқау операторы етіп бекітті.

— Көлік министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ техникалық байқау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторы болып бекітілді. Бүгінгі таңда «ҰАТ» АҚ-дан өкілеттіктерді беру бөлігіндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Процесс жүріп жатыр, - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін басқа мемлекетте тіркелген шетелдік автокөліктер Қазақстанның аумағына әкелініп, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілу тиіс екенін жазған болатынбыз. 

Зұлқарнай Ермұрат

Соңғы жаңалықтар