Қазақстанда компьютерлік бағдарламалардың 70 пайызы лицензиясыз қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымның 70 пайыздан астамы «лицензиясыз» қолданылады. Мұндай өзгеріс Цифрлық экожүйенің дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған («Киберқалқан-2») тұжырымдамасында көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Қазіргі уақытта отандық ақпараттық кеңістік шетелдік аппараттық және бағдарламалық шешімдерге тәуелді болып қала береді. Білікті кадрлар болмаған жағдайда IT жобаларды коммерцияландырудың тиімсіз жүйесі саланың дамуын қиындатады. Мәселен, бүгінгі таңда Қазақстанда пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымның 70 пайыздан астамы лицензиясыз болып саналады», - делінген тұжырымдамада.

Құжатта азаматтардың әртүрлі Интернет-ресурстарға жеке деректерді заңсыз жариялау туралы шағымдармен жүгіну фактілері жиілеп кеткен. Тексеру барысында дербес деректерді алу көздері «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ашық деректерді жариялайтын мемлекеттік органдардың жалпыға қолжетімді ресурстары болып отырғаны анықталған.

2021 жылы 106 елдің «Facebook» әлеуметтік желісінің 533 млн пайдаланушысының жеке деректеріне еркін қол жеткізілген. «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының деректеріне сәйкес, осы жайт аясында Қазақстанның пайдаланушыларына тиесілі деректердің 3,2 млн жолы (Т.А.Ә., телефон нөмірлері, тұратын жері, жұмыс және оқу орны) жария болған.


Соңғы жаңалықтар