Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинациядан қанша адам өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 24 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 9 367 506 адам салдырды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинациядан қанша адам өтті

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 8 961 969 адам салдырды, ревакцинациядан 2 514 071 адам өтті.