17:23, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның үш түрі бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы екені барша дүниежүзінде дәлелденді. Қазіргі уақытта Қазақстанда екпе жасау үшін вакцинаның 3 түрі, яғни QazVac, Sinopharm және Pfizer екпелері қамтамасыз етілген», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол егу пункттеріне вакцинаның 1,6 миллион дозасы жеткізілгенін айтты.
Сонмен қатар министр мамыр айының соңынан бастап қайта ревакцинациялау енгізілгенін еске салды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан күзге қарай Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасына тапсырыс береді.
Бүгінгі таңда елімізде 1 млн 640 мың 930 доза вакцина бар. Оның ішінде, 329 мың доза «QazVac», 1 млн 200 мыңдай доза Sinopharm, 106,5 мың доза Pfizer вакцинасы.