Қазақстанда корпоративті әлеуметтік жауапкершілік жөнінде www.csrkz.org алғашқы веб-сайты құрылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - «Орта Азиялық Еуразия» қоры (ОАЕҚ) «Шеврон» корпорациясы мен «GSM Қазақстан/Kсell» комапниясының қолдауының арқасында корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға бағытталған Қазақстандағы алғашқы веб-сайтты іске қосты.
None
None

«Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің (КӘЖ) Қазақстан үшін маңызы зор. Бүгінгі таңда кез келген бизнеспен айналысатын ұйым өз істерінің тапсырысшыларға, жабдықтаушыларға, жұмысшыларға, акционерлерге, жергілікті қауымдастықтарға және басқа мүдделі тұлғаларға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген әсері үшін өзіне жауапкершілік арта отырып, қоғамның мүдделерін ескеруі тиіс», - делінген сайтты жасаушылар таратқан мәліметте.

Бұл міндеттеме заңмен бекітілген мәселелермен шектелмейді, ұйымдар жұмысшылардың және олардың жанұяларының, сонымен қатар жергілікті қауымдастық пен қоғамның өмір сапасын жақсартуға өз еркілерімен қосымша шаралар қолданады.

«Қазақстандағы Америкалық сауда өнеркәсіп палатасының корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бойынша жұмыс тобы өз қызметі нәтижесінде csrkz.org веб-сайтын дайындап шығарды. Көптеген кездесулер мен талқылаулар кезінде, КӘЖ-ді дамытуға ат салысатын компаниялардың, ҮЕҰ-ның және мемлекеттік құрылымдардың көптігіне байланысты, кейде олардың арасында тиімді қарым-қатынас құрудың қиынға түсетініне көз жеткіздік. Мұның себебі КӘЖ негіздерін толық түсінбеу, қызметтерді нақты үйлестіру және Қазақстан бойынша жағрафиялық орналасудың мәселесі. КӘЖ бағдарламалары арқылы жеке және коммерциялық емес салалар қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде жаңа идеялар мен әдістердің құнды қоры болатындығында», - дейді сайт авторлары.

csrkz.org сайтында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік туралы материалдар кітапханасы, сонымен қатар, осы тақырыптағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жаңалықтар, сараптамалық мақалалар бар. Осы қор компаниялар мен барлық мүдделі тараптарға корпоративті әлеуметтік жауапкершілік мүмкіндіктерін терең түсінуге көмектеспек.

Соңғы жаңалықтар