Қазақстанда корпоративтік коллекторлық жөніндегі қызметке сұраныс артуда- сарапшы пікірі

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда корпоративтік коллекторлық жөніндегі қызметке сұраныс артуда. «ЮСБ Коллектор Қазақстан» коллекторлық агенттігінің (КА) қоржынында бүгінгі таңда корпоративтік қарыздарды қайтару бойынша 5 миллион АҚШ доллары сомасының 20-дан астам жобасы бар.
None
None

Қоржын мөлшері бойынша межелеген көрсеткіш 7 миллион АҚШ долларына дейін арттырылды, сондай-ақ, аймақтық желі құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында аталмыш Агенттіктің басқарушы директоры және ортақ иеленушісі Данияр Тенелов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Несиелік берешегін төлеуден әдейі жалтаратын борышкерлер бұл әрекеттерінің бизнес- қоғам мен жұртшылықтың құлағына дейін жететінін білуі тиіс. Ондай жағдайда борышкер компаниялардың аттары жария болып қана қоймай, олардың қатысушы акционерлері, сонымен қатар, біріккен тұлғалардың аттары да мәлім болады. Біз өз тәжірибеміз негізінде мұндай жауапкершілік айтарлықтай тиімді құрал болып табылатынын айта аламыз. Осы әдісті қолдана отырып, біз жалпы сомасы 200 000 АҚШ долларынан асатын төрт жоба бойынша қарыз төлеуге қатысты уағдаластыққа қол жеткіздік», деді Агенттіктің басшысы Данияр Тенелов.

Ол сонымен қатар, Коллекторлық агенттік беделдік жауапкершілікпен ғана айналыспайды, деп хабардар етті. "Бүгінгі таңда Қазақстанда Қылмыстық кодекстің "Несиелік берешекті төлеуден әдейі жалтару" жөніндегі 195-бабы қолданылмайды деуге болады, сондықтан біз бұл бапты белсенді түрде қолдану бойынша шараларды жүзеге асыратын боламыз", деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар