Қазақстанда кітаптар 3,7% қымбаттады

кітап
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады. Бұл жайында ұлттық статбюроның есебінен белгілі болды. 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңге болды. 

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.

Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі — газет шығару, 16,7 млрд теңге — кітап шығару, 9,7 млрд теңге — баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған. 

Соңғы жаңалықтар