Қазақстанда майнингпен айналысатындар қалай жұмыс істейді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда майнерлер инфрақұрылымы мен мүмкіндіктеріне қарай лицензияның екі түрін алады. Бірінші түрі – тиісті инфрақұрылымға, яғни деректерді өңдеу орталықтарына иелік ететін цифрлық майнерлер қызметі. Екіншісі – деректер орталықтарында ұяшықтарды жалға алатын және энергия квотасын талап етпейтін жабдық иелері болып саналатын цифрлық майнерлер қызметі.

ҚР Ұлттық блокчейн қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашевтың айтуынша, қазір елде жеке деректерді өңдеу орталығы бар 50-ден астам және деректер орталықтарында ұяшықтарды жалға алатын 20-дан астам майнингпен айналысатын компания бар.
– Бірінші лицензия тек құрал-жабдықтары ғана емес, қажетті инфрақұрылымы бар, оның ішінде электр энергиясын жеткізушілермен келісім-шарттары бар компанияларға беріледі. Екінші лицензия тек аппараттық құралдары бар майнерлерге арналған. Алайда екінші санаттағылар өз бетінше жұмыс істей алмайды, өйткені заң бойынша олар тиісті инфрақұрылымы бар бірінші санаттағы майнингпен айналысатын компанияларға техникаларын орналастыруға міндетті», - деп түсіндірді Қарашев.
Сарапшы Қазақстанда салық пен электр қуатының тапшылығы салдарынан «ақ майнинг», азайып бара жатқанын атап өтті.
– Қазақстанда цифрлық майнердің өсу динамикасы байқалмайды. Қазір олар заңнамалық жүктемеге байланысты цифрлық майнинг нарығын тастап жатыр. Олар басқа юрисдикцияға немесе көлеңкеге кетеді, – деді ол.
Оның айтуынша, мәселені шешу үшін технологияны дамытып қана қоймай, заңнаманы сала сұранысына бейімдеу маңызды.
- Атап айтқанда, жабдық импортына қосылған құн салығын және дәстүрлі салықтармен қатар қолданылатын цифрлық майнинг өндіруге салынатын салық сияқты қажетсіз салықтарды алып тасталса, мысалы, қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығы. Әлемнің ешбір юрисдикциясында цифрлық майнингке салық жоқ», - деп атап өтті Ұлттық блокчейн қауымдастығының төрағасы.
Айта кетейік, Қазақстанда майнинг өндіру өткен жылдың сәуір айында күшіне енген «Цифрлық активтер туралы» заңмен реттеледі.