Қазақстанда мектеп оқушыларын тамақтандыру комбинаты салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш мектеп оқушыларын тамақтандыру комбинаты Астана маңында салынуда. Аталмыш мекеме мектеп оқушыларына түскі және таңертеңгі ас дайындап отырмақ. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Шер.
None
None

«Білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы Астанада оқушыларды тамақтандыру клмбинатының құрылысы басталды. Өзге аймақтарда осындай комбинаттарды салу мәселесін қарастырып жатыр», - дейді ол.

Энергияны аз тұтынатын комбинаттар мектепке балаларға арналған сапасы жоғары түскі және таңертеңгі астарды дайындайтын болады. Онда өнімдер мен азық-түліктердің тек сапалы түрлері қолданылып, үш деңгейлі тексерістен өтіп тұрмақ. Асты дайындау және жеткізу барысында барлық санитарлық талаптар қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар