Қазақстанда мұнай-газ саласындағы 7 жаңа бірлескен кәсіпорын құрылады
АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мұнай-газ саласындағы танымал өндірушілерді Қазақстанға оқшаулау жұмыстары қалай жүріп жатқанын мәлім етті.

– Мұнай-газ саласында неғұрлым сұранысқа ие, түпнұсқа тауарлардың әлемдік өндірушілері саналатын Leser (Германия), John Crane (АҚШ), Hi Air Korea (Корея), Baker Hughes (АҚШ), Breda Energia (Италия), Flowserve (АҚШ), Swagelok (АҚШ) компанияларымен бірлесіп, 7 жаңа өндірісті оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Энергетика министрі кейінгі 3 жылда осыған ұқсас 8 бірлескен кәсіпорын құрылғанын еске салды.
– 2022-2025 жылдары Wika (Германия), Honeywell (АҚШ), PetrolValves (Италия), N.Vent (АҚШ) бірігіп «Sigma Solutions» ЖШС (Қазақстан), Schlumberger (АҚШ), Yeskertkish Kyzmet Kazakhstan (Қазақстан), Euro Circuit Technology (Малайзия), сондай-ақ Beruseal (Оңтүстік Африка) сияқты 8 өндіріс оқшауланды. Көрсетілген жобаларды іске асыру ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және шығару жөніндегі құзыретті иеленуге мүмкіндік берді, - деді Ерлан Ақкенженов.
Еске сала кетейік, бұған дейін 8 өңірде 34 шағын өнеркәсіп алаңы құрылып жатқанын жазған едік.