Қазақстанда мұнай кеніштері орта есеппен 50 пайызға ғана игеріледі - ҚР ҰҒА академигі Нәдір Нәдіров

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы / - Мұнай кеніштерін игерудің әлемдік орташа деңгейі 50-55 пайызды құрайды.
None
None

Оны Ұлттық инженерлік академияның вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі Нәдір Нәдіров ҚазАқпарат тілішісіне берген сұхбатында айтты.

"Кенішті толық игеру әлемде әлі күнге дейін үлкен мәселе болып қалуда. Оған өндірудің өзіндік құнының жоғары болуы өз әсерін тигізуде. 50 жыл бұрын мұнай өз энергиясымен шығатын. Сол кезде оны өндіру арзанға түсетін. Қазіргі мұнай біріншіден 5-6 шақырымдық тереңдікте жатыр және оның құрамы қою. Оны шығару үшін су, ауа жіберу керек. Содан кейін оның бағасы көтеріліп келеді. Кенішті игеру кезінде қазіргі ғылым мен білімнің жеткені әлем бойынша 50-55 пайызды құрайды. Ол мұнайының сұйық болуына байланысты Иранда 70 пайыз болуы мүмкін", дейді академик Нәдір Нәдіров. Ғалымның айтуынша, мұнай өндірудің өзіндік құны қазіргі таңда Иран мен Иракта 1 баррелі 1 доллар, Ресейде 12 доллар көлемінде. Қазақстанда бұл туралы айтылмағанмен, ол орта есеппен 15 долларды құрауы мүмкін. Мәселен, құрамына байланысты кенішті игеру деңгейі Қаражамбаста 35 пайыз, ал Жаңажолда 70 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар