Қазақстанда найзағай, бұршақ және 28 м/с-қа дейінгі күшті жел күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — 3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Астанада кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Алматыда кей уақытта жаңбыр, найзағай, түнде кей кездері қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысында түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады. Күндіз оңтүстігінде қатты ыстық — 35°С күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғып, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, оңтүстігінде және таулы аймақтарында кейде 23-28 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында түнде солтүстік-шығысында және орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, ал шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін ұйытқиды.
Атырау облысында түнде шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с болады. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық — 35-37°С күтіледі. Батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с болады. Батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аймақтарында кейде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында түнде шығысында, оңтүстік-шығысында, батысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, дауыл болады, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін жетеді. Батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында орталығында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, орталығында және солтүстігінде 15-20 м/с болады. Орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-18 м/с болады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Жел оңтүстіктен соғады, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с, кейде 23 м/с болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батысында және солтүстігінде шаңды дауыл соғады Жел оңтүстік-батыстан соғады, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлерінде 15-20 м/с болады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Осыдан бұрын Қазгидромет шілде айында ауа температурасы +45 градусқа дейін жететінін хабарлаған болатын.