Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі Ресейден - 2, Украинадан 5 есе жылдам өсуде - Ә. Исекешев

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі Ресейден - 2, Украинадан 5 есе жылдам өсуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қорытындысына сәйкес 2009 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артты. Жалпы 2015 жылға дейін бұл шарадағы көрсеткіш 1,5 есе өсетіндігі жоспарланған болатын.

«Н. Әбішұлы осы аралықта өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі Ресейге қарағанда екі есеге, Украинаға қарағанда 5 есе жылдам өсіп, бір жұмысшыға шаққанда 37 мың АҚШ долларынан 62 мың долларға дейін артқандығын атап өткім келеді»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар