Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдер өндірісі көлемінің өсуі 8 өңірде байқалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.
Атап айтқанда, 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елімізде шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеп, тамақ өнімдерінің, сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бір мезгілде, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өскен. Резеңке және пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады.
«Төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 8 өңірінде байқалды», делінген баспасөз баянында.