Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріледі

Совместно с корейскими компаниями в Казахстане создадут кластер по производству автокомпонентов
Фото: kia.ru

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында Kia компаниясына Қазақстанды өз зауытын салатын алғашқы ел ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты. 

«Автомобиль құрастыру саласында өзара тиімді өнеркәсіп кооперациясы қалыптасты. Қазірдің өзінде Қазақстанда Hyundai маркалы автомобильдер табысты құрастырылып жатыр. Келесі жылы инвестиция көлемі 200 млн доллар болатын, толық тізбекті Kia зауытының іске қосылғанын күтіп отырмыз. Бұл компания өз тарихында алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс аумақта зауыт салуға ақша салып отырғанын, ол үшін дәл Қазақстанды таңдағанын айту керек. Біз бұған разымыз», — деді Мемлекет басышсы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріле бастайтынын атап өтті.

«Sejong, EHWA, Yongsan, Motrex автомобиль өнеркәсібін дамытудың кезекті сатысына кірісіп, Қазақстанда автобөлшектер өндірісінің кластерін құруды жоспарлап отыр», — деді Президент.

 

Соңғы жаңалықтар