Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда салық соттары құрылуы мүмкін - Президенттің қатысуымен өтіп жатқан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес

АСТАНА.  22 маусым. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда біз салық соттарын құру бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу үстіндеміз.

Қазақстанда салық соттары құрылуы мүмкін - Президенттің қатысуымен өтіп жатқан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес

Бұл туралы бүгін кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Аппеляциялық комиссияларды құру арқылы біз салық саласындағы дау-дамайларды сотқа дейін барынша қысқартуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, бүгінде арнайы салық соттарын құру бойынша әлемдік тәжірибе жан-жақты қаралып жатыр. Біз ол мәселені әлі талқылаймыз. Дегенмен, сот органдары ондай құрылымдарды қажет етуді», - деп атап көрсетті Елбасы.