Қазақстанда сәуір айынан бастап қандай өзгерістер болады

1 сәуірден бастап 2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі күшіне енді. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орай 2021 жылға есептелген төменгі жеткіліктілік шегін қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған еді.
«Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға қолжетімді зейнетақы жинақтарының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен және egov порталы мен мобильді қосымшасынан көруге болады.
бүгіннен бастап зейнетақы қорындағы алуға болатын соманың жеткілікті шегі әр жас бойынша мынадай көлемде есептеледі. Оны мына жерден көруге болады.
1 сәуірден бастап бизнес грантын алуға өтінімдер қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған, оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.
Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын болады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.
Сәуірден бастап қазақстандықтар Оман Сұлтандығына және Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады.
1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сыртқы саяси ведомствоның мәліметіне сенсек, ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеуі тиіс.
Сонымен қатар 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі.
Бұған дейін оны Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатты. Осылайша, Қазақстан азаматтары – ұлттық паспорттардың иелері - Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады.
Корея Республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет.
1 сәуірден бірінші сыныпқа баратындар үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы 564 бұйрығымен бекітілген оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалған. 1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Осы орайда мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы) және 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
2 сәуірде күллі мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазан айы басталады.
Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.
Рамазан айындағы барлық өңірлер бойынша ораза кестесін мына жерден көруге болады.
5 сәуірден бастап Қазақстанда тұрғын үй субсидиясына өтінімдер қабылдау басталады.
2022 жылғы 1 мамырда жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылдау жөніндегі цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету» тапсырмасы бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазіргі кезде Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Білім және ғылым министрлігі, Еңбек министрліктердің мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялау жолымен жүзеге асырылуда. тұрғын үй субсидиясына өтінімдер қабылдау 5 сәуірден бастауды жоспарланған.
22 сәуірде шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Парламент Сенаты депутатын сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он проценті, бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентінен аспайтын дауыс қолдауға тиіс. Тіркеу – ағымдағы жылғы 1 сәуір сағат 18.00-ге дейін (барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (немесе өзін - өзі ұсынған жағдайда азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші); тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 900 000 теңге сомасында құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.
Сәуір айының соңында 4 пайыздық автонесие бойынша шешім шығарылады.
Жеңілдетілген автонесие бойынша 10 млн теңгеге дейін несие беріледі деп болжануда. Бірақ одан қымбатқа сатып алуға да болады. Артығын өзіңіз төлейсіз.
Алматыда көктемгі дератизация сәуірде басталады.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, дератизация мегаполистің 47 мың гектардан астам аумағында жүргізіледі. Саябақтар, скверлер, өзен жағалаулары, су қоймалары, арық науалары, контейнерлік алаңдар өнделеді.
Дератизациялық өңдеуге мамандандырылған дәрігерлер мен арнайы техника жұмылдырылады. Жеке сектордың тұрғындары арнайы улы химикаттарды тегін алатын болады. Кеміргіштерді жою жөніндегі компанияға кәсіпкерлік нысандар да қатысады.