01:20, 03 Маусым 2017 | GMT +5
Қазақстанда сенбі күні жауын жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігіне сенбі күні фронтальды бөліктер ықпал етеді, осыған қарай ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде найзағай ұрып, жауын жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады»,-деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызлорда облысында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін кей жерлере 23-28 метрге дейін ұлғайып, шаңды дауыл көтеріледі.