Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квота 0,7 пайыз мөлшерінде белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квотаны белгіленді.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1102

2015 жылғы 28 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2016 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқының санына шаққанда 0,7 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Соңғы жаңалықтар