14:06, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстанда шикізаттық секторға салынатын салық жүктемесі таяу уақытта ұлғайтылатын болады - Үкімет басшысы К. Мәсімов
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда шикізаттық секторға салынатын салық жүктемесі таяу уақытта ұлғайтылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдерімен болған брифингте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз 2009 жылдың басында шикізаттық секторға салынатын салық жүктемесін біршама төмендеттік. Ол дағдарыспен және бағамен байланысты болды. Алайда қолданыстағы Салық кодексінде қарастырылғандай, біз таяу уақытта шикізаттық секторға салынатын салық жүктемесін көтеретін боламыз», деді Үкімет басшысы брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет мұнай-газ секторындағы еліміздің ұлттық мүддесін қорғауда дәйекті ұстанымды жүргізіп келеді. Бұл ең алдымен салық салу мәселесіне қатысты.