09:42, 11 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстанда соңғы тәулікте 454 адам коронавирус жұқтырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«Соңғы тәулікте ел аумағында 454 тұрғынның ПТР тесті КВИ-ге оң нәтиже берген. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр», - деп жазды ведомство.Соңғы тәулікте ауырғандарды тарқатсақ,
Нұр-Сұлтан қаласында - 118,
Алматы қаласында - 200,
Шымкент қаласында – 23,
Ақмола облысында – 7,
Ақтөбе облысында 0,
Алматы облысында - 30,
Атырау облысында - 16,
Шығыс Қазақстан облысында - 3,
Жамбыл облысында - 17,
Батыс Қазақстан облысында - 1,
Қарағанды облысында - 11,
Қостанай облысында - 3,
Қызылорда облысында - 12,
Маңғыстау облысында - 2,
Павлодар облысында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында - 3,
Түркістан облысында - 3.
Айта кетейік, осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.