Қазақстанда сүріп тастауға жатқызылған 3 мыңнан астам апатты үйлер бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3 мыңнан астам апатты үйлерді бұзу керек. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті басқармасының басшысы Дәрібала Ақылтайқызы мәлім етті.
None
None

«Жалпы Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үйлер бар,оның ішінде күрделі жөндеуді 28 пайыздан астамы қажет етеді. Сүріп тастауға жатқызылған апатты үйлер 3 мыңнан асты», - деді ол «Қазақстандағы энергия тиімді тұрғын үйлерді жобалауды және салуды ілгерілету» халықаралық конференциясында. Оның сөзіне қарағанда, осы бағыттағы бағдарлама аясында күрделі жөндеу жүргізу кезінде жылуды пайдалануда үнемдеуді 30 пайызға дейін жеткізу бойынша мақсат қойылған. «Комитет жаңа құрылыс нысандарында ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңғыртуда энергиялық тиімділікті алға жылжыту бойынша белсенді жұмыстарды жүргізіп отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар