Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі әдіснамасы жасалуда

Семинар Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының ұйымдастыруымен өтті.
Негізгі мақсат - партия тарапынан қабылданған бағдарламаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы түбегейлі өзгеріс әкелу, кешенді, ауқымды күрестің іс-қимыл бағдарламасын қорыту. Осы 23 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа өлшеу зерттеулері өткізілді. Түрлі салалық деңгейде өткізілгенін білеміз. Бірақ жыл сайын бекітілген, келісілген, нақты әдістемені қолданатын зерттеулер өткізілген жоқ. Былай айтқанда, қай жақтан өлшейміз, нені, қашан өлшейміз дейтіндей не құрал, бір жылды екінші жылмен салыстыратын не мүмкіншілік жоқ. Елде салалық, ұлттық бағдарламалар жасалып жатыр, бірақ олардың нәтижесі қандай, олар бір өзгеріс әкелді ма, қай шаралар табысты болды, қайсысы табыссыз болды. Осыны өлшейтін нақты, тұрақты сайман, құрал жоқ. Сондықтан бүгін ұлттық және халықаралық сарапшылармен бірге сондай құрал бола алатын сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі әдіснамасын талқылайтын боламыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Саясат Нұрбек.
Бұл бағдарлама 2014 жылдың қарашасында өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында қабылданғанын айта кеткен жөн. 2014 жылдың желтоқсанында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы мақұлданды. Соның аясында партия сыбайлас жемқорлықты түйсінудің Ұлттық индексі әдіснамасын жасақтауда.