Қазақстанда табиғи газға баға белгілеу қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2015 жылғы 12 қараша №892 Астана, Үкімет Үйі
Табиғи газға баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
«Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи газға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №892 қаулысымен бекітілген
Табиғи газға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) 1. Жалпы ережелер 1. Осы Табиғи газға баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі - Қағидалар) «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және газбен өзара алмасу жөніндегі мәмілелерді қоспағанда, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға алынатын, табиғи газды сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын барлық мәмілелер бойынша табиғи газды өткізу бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ұзақ мерзімді келісімшарт - 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы және 2006 жылғы 3 қазандағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде жасасатын табиғи газды сатып алу-сатуға арналған келісімшарт; 2) мәміле бағасы - осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес есептелген және Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларымен берілген табиғи газды өткізу бағасы; 3) ақпарат көздерінен алынған баға - Тһе МсGraw-Hill Companies (Platts) баспасының European Marcet Scan Basic Service басылымында European products, FOB Med (Italy) деген тақырыппен жарияланатын, АҚШ долларымен берілген баға. 2.Табиғи газға мәміле (өткізу) бағасын айқындау тәртібі 3. Табиғи газды сатып алу-сатудың келісімшарттары үшін мәміле (өткізу) бағасы төмендегі формула бойынша есептеледі:
мұндағы: Рn - табиғи газға арналған мәміле бағасы; Р0 - ұзақ мерзімді келісімшартты жасасу күніне айқындалатын табиғи газға арналған базалық баға; G - газойльға (0,1 %) арналған ақпарат көздерінен алынған баға; G0 -- ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалатын газойльға (0,1 %) арналған базалық баға; LSҒО - құрамында күкірт мөлшері төмен (0,1 %) мазутқа арналған ақпарат көздерінен алынған баға; LSҒО0 - ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалатын құрамында күкірт мөлшері төмен мазутқа (1 %) арналған базалық баға; НSҒО - құрамында күкірт мөлшері жоғары (3,5 %) мазутқа арналған ақпарат көздерінен алынған баға; НSҒО0 - ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалатын құрамында күкірт мөлшері жоғары мазутқа (3,5 %) арналған базалық баға; D - табиғи газды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған табиғи газды жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес табиғи газға арналған базалық бағаны салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын және осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп айқындалатын дифференциал. G, LSҒО және НSҒО шамалары тікелей 1 қаңтар, 1 сәуір, 1 шілде немесе 1 қазан алдындағы 9 ай ішінде әрбір ай үшін ақпарат көзінен алынған бағаның орташа арифметикалық мәні болып табылады. Баға (Рn) ауытқуының жоғары және төменгі шегі Р0-дан плюс немесе минус 12,5 %-ды құрайды. 4. Осы Қағидалардың ережелері трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға алынатын, газбен өзара алмасу бойынша мәмілелерді қоспағанда, табиғи газды сатып алу-сату келісімшартына сәйкес жасасатын, ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу күнінен бастап туындайтын барлық мәмілелерге қолданылады. 5. Базалық бағаны салыстырмалы экономикалық шарттарға келтіру мақсатында табиғи газды жеткізу шарттарына байланысты дифференциалға табиғи газды жеткізу базисіне және оны өткізуге дейін табиғи газды тасымалдау жөніндегі құжат түрінде және (немесе) ақпарат көздеріне негізделген және расталған шығыстар енгізіледі. 6. Дифференциалдың құрамдас бөліктері табиғи газды жеткізу базисіне дейін тауарды жеткізуге және оны өткізуге байланысты бастапқы құжаттармен және (немесе) Заңның 18-бабында белгіленген кезектілік бойынша ақпарат көздерімен расталады.