15:43, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна ашу жоспарлануда
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Келесі жылдан бастап Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна ашу жоспарлануда.
Бұл туралы өзінің Twitte-дегі шағын блогында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев мәлім еткен.
«2012 жылы еліміз бен әлемдегі оқиғалардан тәулік бойы хабар тарататын телеарна ашуды жоспарлаудамыз. Қазір ұйымдастыру жұмыстары жүгізіліп жатыр», - деп жазған А.Жұмағалиев.