Қазақстанда техникалық реттеу жөніндегі сарапшылар пулын құру қажет - «Атамекен» одағының басшысы

деді «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.
«Қазақстанға техникалық реттеу жөніндегі өз сарапшылар пулын құру қажет. Барлық стандарттарды егжей-тегжейлі білетін, көп жылдық еңбек өтілі бар мамандар керек», - деп санайды А.Мырзахметов.
Оның айтуынша, бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр және отандық мамандар көп мәселеде ресейлік әріптестерінен үлгі алулар керек, себебі онда мұндай тәжірибенің қолға алынғанына сегіз жылдың жүзі болған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Еуразиялық экономикалық комиссия - Бизнес-Диалог: өзара іс-қимыл перспективалары» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтуде. Онда Ресей-Беларусь-Қазақстан Бизнес-Диалогының және Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимылдары, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің кедендік әкімшілігі, техникалық реттеуді жетілдіру мәселелері талқылануда.