Қазақстанда тұңғыш рет зейнетақы қоры салымшыларының жинақтары 512 миллиард теңгеден асты
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда тұңғыш рет зейнетақы қоры салымшыларының жинақтары 512,4 миллиард теңгені құрады.
Оны «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ы басшылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жинақтаушы зейнетақы қорының Басқарма төрағасының орынбасары Қаңтар Орынбаевтың айтуынша, қыркүйектің 1-інде олардың салымшыларының жинақтары 512,4 миллиард теңге болды. Бұл «Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ы ғана емес Қазақстанның бүкіл зейнетақы қоры нарығындағы жағымды жаңалық. Оған олар рейтингі жоғары құнды қағаздары мен валюта бағамдарын дұрыс болжаудың арқасында қол жеткізіп отыр.
«Біз елдегі ірі қор саналамыз. Жыл басында салымшыларымыздың жинақтары 400 миллиард теңге болатын. Инвестициялық кірісіміз қыркүйектің 1-інде 69 миллиард теңге болса, алдын-ала деректер бойынша қазіргі кезде 74 миллиард теңгеге жетіп отыр», дейді Қаңтар Орынбаев. Жалпы, бүгінгі таңда қор салымшыларының саны 1,9 миллионға жуықтап қалды. Оларға қордың 160 стационарлық қызмет көрсету орындары, ал ірі кәсіпорындарда тікелей жұмыс орындарында қызмет көрсетілуде.