Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда баспана бағасы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айында:

- таза әрленген жаңа үйлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 319 252 теңгені құрады. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға 3% көтерілді;

- абаттандырылған үйді қайта сату құны 1 шаршы метрі үшін 244 715 теңге болды. 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5% қымбаттады;

- абаттандырылған үйді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1 687 теңгені құрады. Бұл, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% жоғары.


Соңғы жаңалықтар