Қазақстанда түрлі ережелерді бұзғаны үшін тағы 9 техникалық байқау орталығы жабылды

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2013 жылғы 17 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды, деп хабарлады primeminister.kz сайты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«2013 жылғы 17 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды. Анықталған бұзушылықтар қатарында негізінен автомобильдің техникалық жағдайына сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген диагностикалық карточкалардың берілуі және міндетті техникалық байқаудан өту мерзімінің кестесін бұзу фактілері кездеседі», - делінген хабарламада.
Осылайша, ұқсас бұзушылықтарға жол бергені үшін ағымдағы жылдың басынан бері 17 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылған болатын.

Әрі қарай, Комитет ТБО-ға жүйелі түрде тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұзушылықтар анықталған жағдайда орталықтарға айыппұл салынатын болады, ал бұзушылықтар қайталанған жағдайда олар аталған қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Бұдан өзге, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ҚР Кодексіне толықтырулар енгізу арқылы ТБО-лардың міндетті техникалық тексеру жүргізу барысында жіберген бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделгенін жеткізді.

Бүгінгі күні Қазақстанда барлығы 336 ТБО және 685 техникалық байқау желісі жұмыс істейді, оның 387-сі стационарлық, 298-і мобильдік.

Соңғы жаңалықтар