Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 2014 жылға дейін 25 млрд. доллар игерілетін болады

ОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстанда Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында 2014 жылға дейін жалпы есеппен 25 миллиард доллар қаржы игеріледі және 20 мыңнан астам адам жұмыс табатын көптеген ауқымды кәсіпорындар құрылады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақмола облысында жаңадан ашылған алтын өндіру фабрикасының ұжымымен болған кездесуде мәлім етті.
None
None

Фабрика жұмысшыларын жаңа өндірістің іске қосылуымен құттықтаған Елбасы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында ағымдағы жылы Қазақстанда 144 жаңа кәсіпорын пайдалануға берілетінін, олардың 72-сін бірінші жартыжылдықта іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Оған қоса, тағы 47 нысанның құрылысы басталып отыр.

«Бұл жұмыстардың барлығы азаматтарымыздың болашақ бақуаттылығына бағытталуда», - деді Президент өз сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысында сапармен жүр.

Соңғы жаңалықтар