Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда ұл балаларға да АПВ-ға қарсы екпе салу жоспарланып отыр


АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда алдағы уақытта адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бағдарламасына ұл балаларды да енгізу жоспарланып отыр.

вакцинация
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің көптеген елінде ұлттық иммундау бағдарламасының бір бөлігіне айналған.

– АҚШ пен Австралияда АПВ-ға қарсы вакцина қыз балаларға ғана емес, ұл балаларға да салынады. Ал ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, сондай-ақ Грузия мен Армения бұл вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламасына енгізген, – деді Айгүл Шағалтаева.

Спикердің сөзінше, халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, Қазақстанда да алдағы уақытта АПВ-ға қарсы вакцинация бағдарламасына ұл балаларды енгізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін АПВ-ға қарсы вакцинация бағдарламасына ұл балаларды енгізудің маңызы мен халықаралық тәжірибе туралы жазған едік.