Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ-ға жалпы 87 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарлануда.
None
None

Бұл жалпы түлектер санының 71 пайызы. Олардың ішінде қазақ тілді оқушылар саны 62 мыңнан асады, ал 25 мыңы - орыс тілді.

Айта кету керек, биыл 12 жылдық оқу бағдарламасымен мектеп бітірген оқушылар алғаш рет ҰБТ-ға қатысады. Түлектерге үлкен өмірге жолдама беретін Ұлттық тест 2-8 маусым аралығында өтеді. Республика бойынша 165 пункт жарақталды. Биылдан бастап ҰБТ-ның ережелері өзгертілді. Енді тест пен аттестат нәтижелерінің ортақ балы жасалады.

Соңғы жаңалықтар