Қазақстанда ұлысаралық қатынастар маңызды және жүйелі негізде шешілуде ? В.Вишниченко

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ – Елімізде 2007 жылы енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстан халқының Ассамблеясы жаңа конституциялық мәртебеге ие болды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Валерий Вишниченко Қазақстан халқы Ассамблеясы отырысының қорытындысы бойынша әңгімелеп берді.
None
None
? Осыған байланысты 2007 жылдан бастап Елбасымыздың тапсырмасы бойынша Ассамблеяның 14-ші сессиясында ҚР Парламентінің депутаттарына Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық рөлін бекіту үшін Конституциялық заңды әзірлеу тапсырылған болатын, біз оны орындадық. Біздің депутаттық топ осы заң жобасын әзірлеуге бастамашы болды, оны біздер жасадық және осылайша заңнамалық тұрғыда біздің Ассамблея өте маңызды базаға ие болды. Біздерде Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы заң бар, әлемде оған ұқсас заң жоқ, оның бірегейлігі осында, біздің Ассамблеямыз әлемде теңдесі жоқ. Сондықтан, осы көзқарас тұрғысынан Қазақстанда ұлысаралық және конфессияаралық қатынастарды қамтамасыз ету бойынша заңнамалық база құрылды және біздер осыған сәйкес жұмыс істейміз. ? ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері үшін квота құру неліктен маңызды болды? ? Ассамблея құрамынан депутаттарды сайлаудың конституциялық құқығын беруге қатысты тоқталатын болсам, мен мұны ? маңызды шешім деп ойлаймын, ол Қазақстанның заңнамалық органындағы ұлттық өкілеттілікті айтарлықтай кеңейтеді. Осы тұрғыда біздер негізі қаланған халықаралық тәжірибе бойынша жүріп келе жатқанымызды айтуға тиістімін. Әлемнің 64 мемлекетінде аз ұлттар үшін орын төменгі палаталарда және 14 елде ? жоғары палаталарда квота беріледі. Сондықтан, Парламентке 9 депутат сайлау схемасының өзі ? біз қолданып отырған халықаралық тәжірибе. Оның біздің еліміз үшін мәні қандай? Бұл ең алдымен Қазақстан халқы Ассамблеясының саяси беделін нығайтты, өйткені оның өкілдері Парламент Мәжілісінің депутаты болып табылады және төменгі палатада ұлысаралық қатынастарды нығайту бойынша мүдделерді қорғай алады. Мысалы, ҚР Парламентінің Мәжілісінде 98 мандат «Нұр Отан» партиясына және 9 мандат Ассамблея мүшелеріне тиесілі, яғни біздер төменгі палатаның негізі болып табыламыз. Бұл заңнамалық актілердің ұлысаралық қатынастарды нығайту тұрғысында Конституцияға және ҚР заңнамаларының сәйкестігіне арналған қосымша сараптамадан өтуіне ықпал етеді.? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың қатысуымен өткен Ассамблея Кеңесі отырысының қорытындысына Сіз қандай баға бересіз?? Жақында болып өткен отырысқа оралатын болсақ, Мемлекет басшысының бүгінгі күні Кеңес құрамын жаңартқаны оған көзқарас тұрғысынан ерекше оқиға болды деп санаймын. Екіншіден, біздер Қазақстан халқының Ассамблеясы жанынан Ғылыми-сараптама кеңесін құру бойынша өте маңызды және принципті құжатты қабылдадық. Мен бұған дейін талай айттым және тағы да қайталап айтамын, тұрақты мониторингсіз, егер біздер ұлысаралық қатынастар саласындағы оқиғаларды жіті қадағалап отырмасақ, көптеген мәселелерді уыстан шығарып алуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін айтарлықтай проблема болып келді, өйткені мониторинг тұрақты негізде жүргізілген жоқ. Ал біздер тұрақты алғымыз келген материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарынан алу мүмкін емес. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттары жалпылама болғандықтан, осыған байланысты біздер, Қазақстан халқының Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері олардың материалдарын ұлысаралық қатынастарды қамтамасыз ету үшін ғылыми көзқарас тұрғысынан құқығымыз жоқ. Сондықтан, Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрылуы ? айрықша оқиға. Біздер маңызды тұрақты органға ие болып отырмыз, олар тек ұлысаралық қатынастарды ғана емес, диаспоралардың ішкі ұлыстық үдерістерін де зерттейтін болады. Осы зерттеулердің негізінде біздер салмақты шешімдер қабылдайтын боламыз және Мемлекет басшысына белгілі бір мәселелер бойынша ұсыныстар беретін боламыз.Қазақстан халқының Ассамблеясының екі сайланбалы орынбасарына қатысты айтар болсақ, Мемлекет басшысының осы бастамасы біздің ұйымның жұмыстарына демократиялық көзқарасты кеңейту тұрғысынан барынша көкейкесті, дер кезіндегі және қызықты болды. Өйткені, Ассамблея өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары осы органға неғұрлым тартылған сайын, ол халықаралық аренада солғұрлым беделді бола түседі. Сонымен қатар, біз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге кірісеміз және Мемлекет басшысының осы шешімімен біздер ұлысаралық қатынастардың мәселелері Қазақстанда маңызды және жүйелі негізде шешіліп жатқанын бүкіл әлемге паш етеміз.? Әңгімеңізге рахмет.
Соңғы жаңалықтар