Қазақстанда заңгерлердің кәсіби мерекесін атап өту ұсынылды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат -  Қазақстан гуманитарлық-заң университетінің президенті  Мақсұт Нәрікбаев Қазақстанда заңгерлердің кәсіби мерекесін тағайындауды ұсынды.
None
None

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан  Заңгерлердің І республикалық съезінде М. Нәрікбаев осындай пікірін білдірді.

Оның сөзіне қарағанда, Заңгер күні Ресейде 3 желтоқсанда атап өтілетін көрінеді. Оның пайымдауынша, еліміздің қоғамдық өмірінде заңгерлердің рөлі мен маңызын ескере отырып, осындай кәсіби мерекені белгілеп, атап өту керек.

Айта кетейік, бүгінгі съезде Қазақстандық заңгерлердің жаңа қоғамдастығын құру ұсынысы жасалды. Әділет министрі Берік Имашевтің пікірінше, аталған қоғамдастықта тәжірибе жүзінде қызмет жасап жүрген заңгерлерді, сондай-ақ Сот одағы, Адвокаттар одағы және Республикалық нотариалдық палата секілді қоғамдық бірлестіктерді біріктіруге болады.

Соңғы жаңалықтар