Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда жақын болашақта Алматы-Бішкек-Қашғар-Қорғас бағытында жаңа туристік жоба жүзеге асырылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жақын болашақта Алматы-Бішкек-Қашқар-Қорғас бағытында жаңа біріктірілген туристік жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қытайды сезін. Панда әлемге көз тігеді» халықаралық таныстырылым-конференциясы барысында Алматы қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді.

Қазақстанда жақын болашақта Алматы-Бішкек-Қашғар-Қорғас бағытында жаңа туристік жоба жүзеге асырылады

«Қазақстанға тартымды өңірлік туристік өнімдер қажет. Қазір, біз бұл бағытта арнайы жобаны дайындап қойдық. Оның шартты атауы  - «Алматы-Бішкек-Қажғар-Қорғас» туристік бағыты деп аталады.  Үш мемлекеттік қамтитын, өзіндік бір шеңбер құрайтын бұл бағыттың бойында қаншама табиғи, тарихи, мәдени құнды ескерткіштер, қайталанбас әсем табиғат көріністері бар десеңізші! Бұл тартымды жоба Қазақстанға келер туристердің санын бірнеше есеге арттырады деген сенімдемін. Бұл тұрғыда бізге қазірдің өзінде қытайлық әріптестер қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Енді инвестиция тартып, осы бағытта тиісті инфрақұрылымдарды құруымыз қажет», - деді Т. Дүйсенғалиев.