20:29, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында 909 сәби дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жедел ақпарат бойынша Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 909 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаңа туған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 235 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 106, Алматы қаласында - 83, Астана қаласында - 74, Жамбыл облысында - 72 бала дүниеге келді.
Айта кету керек, Қазақстанда 2014 жылдың 31 желтоқсанында 820 сәби дүниеге келген.