Қазақстанда жанар-жағар май тапшылығы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жанар-жағар май тапшылығы жоқ, дейдi ҚР Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин.

Қазақстанда жанар-жағар май тапшылығы жоқ

«Бiздiң зауыттар толыққанды жұмыс жасауда. Олардың өндіріп жатқан мұнай өнімдерінің мөлшері елдiң iшкi тұтынуына жеткілікті", - дедi министр бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте. Оның айтуынша, барлық мұнай өнiмдерi тек Қазақстан нарығына бағытталмақ. " Мұнай өнiмдерiн Қазақстаннан шетелге шығаруға тыйым салынады", - деп атап өттi ол.