Қазақстанда жаңартылмалы электр энергиясы көздері белгіленген тарифтер бойынша сатып алынады - БҰҰ ДБ

деді ҚР-дағы БҰҰ Даму бағдарламасының энергия тиімділігі мен энергетиканың жаңартылатын көздері бойынша кеңесшісі Геннадий Дорошин рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
«Жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы қазіргі заңға өзгертулер енгізіледі, ол осы электр энергиясын сатып алуға белгіленген тарифтерін қамтамасыз етеді. Жаңартылған энергия көздері жобасынан электр энергиясы жүйелік оператор жанында ұйымдастырылған бірыңғай есептік орталықпен сатып алынатын деңгейді белгіленген тарифтер анықтайды», - деді Г.Дорошин.
Сарапшының айтуынша, мұндай механизм белгілі бір дәрежеде бюрократиялық тосқауылдарды азайтып, ЖЭК саласындағы инвестициялық жобаларды қарау тұрғысынан инвестордың ашықтығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Бұдан өзге, БҰҰ ДБ өкілі ЖЭК бойынша инвестициялық жобаларды келісу кезінде туындаған қиындықтарды жоюға мүмкіндік беріп, баламалы энергетиканы дамытуға серпін болатынын атап өтті.
ЖЭК энергиясының қымбат тұратынына қатысты БҰҰ ДБ сарапшысы уақыт өте келе баламалы көздерден алынатын энергия арзандап, алғашқы инвестицияларды қайтару мерзімімен қамтамасыз етеді деп есептейді.
«Инвестор банкпен есептескен соң электр энергиясының құны сәйкесінше төмен болады», - деп толықтырды Г.Дорошин.
Осылайша, оның айтуынша, өтемділік мерзімінен өткен жел электр стансаларынан алынатын электр энергиясының құны шамамен 5 цент деңгейінде, яғни бұл қазіргі электр энергиясы рыногіндегі құн.
Айта кету керек, жаңартылатын көздерімен өндірілетін энергия үшін белгіленген тарифтер сызбасы инвестициялық және пайдалану шығынынан, сонымен қатар желіге қосу шығындарынан тұрады.
Осылайша, ЖЭК-нің әр түріне республика бойынша бірыңғай тариф бекітіледі. Тарифтердің жарамдылық мерзімі де белгіленеді, осы мерзімде жаңартылатын энергия көздерін түгел сатып алу кепілденеді.
Белгіленген тарифтер келесі кезеңдерді қайта қарауға жатады.