Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанда жаңбырлы күндер басталып, күздің лебі сезіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Синоптиктер 18–20 тамызға ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19–20 тамызда солтүстік облыстарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы болжанады, — делінген хабарламада.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30…+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27…+35°C, Қостанай облысында +20…+30°C болады.

Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасының +17…+22°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде күндіз ауа температурасы +18…+30°C-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30…+37°C аралығында болады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +28…+35°C болады.

Бұдан бұрын синоптиктер 2024 жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын жасады.