ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Алматы ашытқы зауыты жоғары сапалы өніммен қамтамасыз етеді

«Біздің зауыт - Қазақстан бойынша сығымдалған және құрғатылған ашытқылар өндіретін жалғыз кәсіпорын. Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында біздің зауытта 240 млн. теңгеге негізгі өндіріс толығымен жаңғыртылды. Бұл бізге бәсекеге қабілетті, барлық әлемдік стандарттарға жауап бере алатын өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді», - деді Е. Егуткин.
Оның айтуынша, зауыт 1969 жылы іске қосылған. Содан бері Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарын ашытқы өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.
«Қайта жабдықтау барысында сағатына 2000-2500 келі сығымдалған ашытқы және сағатына 80-100 келі құрғатылған ашытқы өндіретін екі желі іске қосылды. Осылайша, Қазақстанның барлық облыстарын бәсекеге қабілетті жоғары сапалы ашытқы өнімдерімен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», - деді В. Егуткин.