17:15, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Отандық азық-түлікке сұраныс артуда - Қуат Мұқышев
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында «Қазақстанда жасалған» акциясы сәтті жалғасуда. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Қуат Мұқышев мәлім етті.

Оның айтуынша, «Қазақстанда жасалған» белгі қойылған тауарларларға тұтынушылар тарапынан сұраныс артып отыр. Бұл акцияға аудандағы «Карасенец», «Рязанов», «Митин», «Қалиев», «Марченко» және «Остапенко» сияқты жеке кәсіпкерлер қолдау білдіріп отыр.
«Ең бастысы, Қазақстанда шығарылған тауарлардың сапасы жоғары. Отандық азық-түлік еш қоспасыз әрі экологиялық жағынан таза, сапалы болып келеді. Сондықтан, тұтынушылар «Қазақстанда жасалған» белгі қойылған тауарларға таңдау жасап отыр», - дейді Қуат Мұқышев.