03:41, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Павлодардағы жаңа тұрмыстық химия кәсіпорны бәсекелестікке дайын
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы «Белизна ПВ» ЖШС тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын кәсіпорны жұмыс жасап келе жатқанына бір жыл ғана болды. Қазіргі таңда бұл жерде жылына 6 мың тонна ағартқыш өндіріледі.

Кәсіпорын директоры Лариса Зубовойдың айтуынша, жергілікті нарықта бұлар шығаратын өнімнің сан түрлі баламасы болса да кәсіпорын бәсекелестікке әбден дайын және қорықпайды.
«Біздің кәсіпорынның өнімдері барлық талаптарған сай. Оның үстіне біз «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқанбыз. Керекті шикізаттың барлығын осы жерден аламыз. Сондықтан тауардың құны бәсекелестерімізге қарағанда 10 пайызға арзан», - дейді ол.
Әзірше кәсіпорын тауарлары тек қазақстандық нарыққа шығарылып келеді, болашақта оларды Ресей нарығына шығару жоспарланған. Сондай-ақ, «Белизна ПВ» ЖШС «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында да жұмыстар атқаруда.