ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Петропавлдың макарон зауытында тәулігіне 192 тонна өнім шығарылады (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың «Сұлтан» АҚ маркалы макарон шығару кешенінде тәулігіне 192 тонна өнім шығарылады. Қазақстан нарығында олар 19 жыл жұмыс жасауда. Бұл туралы «Сұлтан» АҚ директорының көмекшісі Елена Ткачева хабарлады.
None
None

«Біз макаронның 30-дан астам түрін шығарамыз. Бір сағаттың ішінде 8 мың тонна өнім шығарамыз. Тәулігіне - 192 тонна. Барлық жабдықтар заманауи, швейцариялық. Жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Өткізетін нарығымыз - Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан. Азық-түлік өнімі қауіпсіздігі саласында Кедендік одаққа кірген тұстан бастап, тауарларды КО талаптарына сәйкес декларациялаймыз. Біз бір орында тұрмаймыз, әрдайым жұмысымызды жетілдіріп отырамыз. Біздің өнім «Қазақстанда жасалған» маркасының абыройлы өкілі болып табылады. Біздің ұранымыз - «Жоғары сапа, түрлі өнім және қолжетімді баға», - дейді Елена Ткачева.

«Сұлтан» АҚ - тек ұн мен макарон ғана емес, онда 93 000 тонналық элеватор да бар. Ол жылына 100-120 мың тонна бидайды қабылдап, кептіріп, сақтай алады. Кәсіпорында 360 адам жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар