ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Таразда дәнекерлеу электродтарын шығаратын зауыт іске қосылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанда оңтүстік өңірдегі бірден-бір дәнекелеу электродтарын шығаратын зауыт Жамбыл облысында ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Кәсіпорынның қуаты - жылына 1 200 тонна өнім. Мұнда дәнекерлеу жұмыстарында қолданылатын электродтардың екі түрі шығарылады. Шикізат Украинадан, Қытайдан және Ресейден импортталады. Автоматтандырылған жабдық Қытайдан жеткізілді.

Жобаның құны 70 млн. теңгені құрайды.

Жарты жыл ішінде салынған зауыт 20 жамбылдық тұрғынға жұмыс орындарын берді.

Тараздағы жаңа зауытта шығарылатын дәнекерлеу электродтарының өндірісі қажетті отандық өнім болмақ, деп атап өтті өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар