Қазақстанда жасанды интеллект инсульт пен обырды ерте анықтауға көмектеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект дәрігерді алмастыратын құрал ретінде емес, медициналық шешім қабылдауды қолдайтын тиімді көмекші ретінде қарастырылып отыр.

Қырғызстанда жүргізуші куәлігіне арналған емтиханды жасанды интеллект қабылдайды
Фото: Кабар

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде қолдану бағыттары, жетілу деңгейі және клиникалық маңыздылығы бойынша жіктелген 50-ден астам MedTech шешімі талданған. Жобалардың басым бөлігі диагностиканы жетілдіруге, оңалту үдерісін жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық деректерді өңдеуге бағытталған.

- Атап айтқанда, инсультті, өкпе мен сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматологиялық бейнелерді талдау саласындағы басым жасанды интеллект жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Бұл шешімдер қазірдің өзінде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда енгізіліп, ауқымы кеңейтіліп жатыр, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасын талдау және басқару, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау үшін жасанды интеллект құралдарын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, «Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллектіге негізделген диагностика бар.

Соңғы жаңалықтар