Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райы циклонмен және онымен байланысты атмосфералық ағындармен анықталады.
None
None

Алдағы күндері республиканың өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы болады, деп хабарлады жұма күні Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Метеорологтардың хабарлауынша, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді деп күтілуде. Жамбыл облысының кей аудандарында 18-23 метр/секунд жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Ал Қызылорда, Ақтөбе облыстарында 5 санаттағы өрт қаупі сақталуда.

Сондай-ақ, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс- және шығыс өңірлеріндегі өзендерде судың деңгейі өзгереді деп күтілуде. Қайраққұм су қоймасынан қашыртылатын судың артуы есебінен Шардара су қоймасына мол су келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар