Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ 600 мың азамат бар - Әділет министрлігі

аусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда бүгінде жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ 600 мың азамат бар. Бұл туралы бүгін www.bnews.kz порталында болған он-лайн конференцияда Әділет министрлігінің Тіркеу комитеті төрағасының орынбасары Венера Калимова мәлім етті,

Қазақстанда  жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ 600 мың азамат бар - Әділет министрлігі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда құжаттарды алмастыру жұмыстары өте белсенді жүріп жатыр. Бұл бағытта бізге банктер мен салық органдары тұрғындарды қажетті құжаттар жөнінде жан-жақты мәліметтер беріп, жақсы қолғабыс етуде. Алдында атап өткен 600 мың адам ол жеке сәйкестендіру нөмірі жазылмаған ескі куәліктерді ұстап жүрген азаматтар», деді комитет төрағасының орынбасары.