Жоғары білімді цифрландыру: Google компаниясымен ынтымақтастық жоспарланды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Google компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, тараптар жоғары білімді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Google компаниясымен ынтымақтастық жоспарланды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Кездесу барысында Google өкілдері білім беру үдерісін трансформациялауға және оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған Google for Education бастамаларын таныстырды. Әсіресе Gemini және NotebookLM сияқты заманауи ЖИ құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл құралдар білім беру үдерістерін кеңейтуге, оқытушылар мен студенттердің өнімділігін арттыруға, сондай-ақ деректердің жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Google компаниясымен ынтымақтастық жоспарланды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

— Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект және цифрлық құзыреттер саласындағы дағдыларды студенттер мен оқытушылар арасында дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасын қоса алғанда негізгі ұлттық бастамаларды ұсынды. Бағдарлама аясында білім беру бағдарламаларына онлайн-курстарды енгізу, жүздеген мың маманды даярлау және университеттік ортада ЖИ шешімдерін қолдану секілді елеулі нәтижелерге қол жеткізілді, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанды өңірлік академиялық орталық ретінде дамыту тұжырымдамасы таныстырылып, ол шетелдік студенттерді тартуды, жетекші шетелдік университеттердің филиалдарын ашуды және жаһандық академиялық әріптестікті кеңейтуді көздейді.

Google компаниясымен ынтымақтастық жоспарланды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруды қоса алғанда ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылап, өзара меморандум жасасуға мүдделілік білдірді.

Кездесу заманауи, технологиялық және бәсекеге қабілетті жоғары білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық әріптестікті дамытуға деген өзара қызығушылықты растады.

Еске салсақ, Google бұдан былай құлаққап арқылы сөйлескен сөзді лезде аудара алады.